Жаңақорған карантинге жабылды

Бұл туралы 'Хабар24' телеарнасындағы онлайн-брифинг кезінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Алматы, NEGE.  "Қауіпті кесел жұқтырудың дерегі күрт өскендіктен, Жаңақорғанды да карантинге жабу ұйғарылды. Аудан орталығының кіріп-шығу жолдарына 4 тосқауыл бекеті қойылды, - деді облыс әкімі.

Бұған дейін Қызылорда облысында бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырғаны айтылған еді. Қазір Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған 26 адам бар.