Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді

VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Алматы, NEGE. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді жаңа депутаттар.