Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

Бүгін сотта ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова соңғы сөз сөйлеуі тиіс еді. Процесс басталған бойда Төлегенова сөз алып, прокурормен процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш айтты.

instagram/zhanabylov_e

Астана, NEGE. Айыпталушы Эльмира Төлегенова денсаулығына байланысты сот залына келмей, отырысқа онлайн қосылды. Соңғы сөзінде ол заң бұзғандарын мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірді. Сондай-ақ соттан өзін және жұбайын бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Біз жасаған ісімізді толық түсінеміз. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды, заң бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Құрметті сот, бізге бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраймын. Сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өтініш айтқым келеді: прокурормен процессуалдық келісім жасауды сұраймын», – деді блогер. 

Өтінішті назарға алған судья бір сағат үзіліс жариялады.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды