Жаңа жоба: Дипломсыз да жұмысқа тұруға болады

Бүгін ОҚК өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасындағы жаңа нормалар туралы айтты.

– Ең маңызды құжат – кәсіби стандарт. Оның ішінде нарық талаптары жинақталады. Яғни, осы құжатта қай жұмысқа диплом, қай жұмысқа сертификатпен тұруға болатыны жазылады. Кәсіби стандарт құжаты арқылы кейбір мамандық иелері сертификатпен де жұмысқа орналаса алады, – деп түсіндірді ол.

Бұл заң қазір Мәжіліске енгізілген. Вице-министрдің айтуынша, аталған құжат жоғары білімі болмағандықтан төменгі қызметте жүрген білікті мамандарға биік лауазымдарды тезірек тауып, табысын арттыруына жол ашады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді