Жаңа жылдан кейін жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Алматыда 1 қаңтарда жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды.

Алматы, NEGE. 16 жастағы жігіт 1 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында Жетісу ауданындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Оны  еріктілер, полиция, құтқарушылар іздестірген. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл суицид болған. Жас жігітті көпірдің астында асылып тұрған күйі тауып алған. Бұл қадамға оның себепті барғаны белгісіз.  lider.kz еріктілері марқұмның отбасына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?