Жаңа жылда жалпыұлттық карантин енгізіледі

Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде жалпыұлттық карантин енгізіледі.

 

Алматы, NEGE. Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде жалпыұлттық карантин енгізіледі. Жаңа тәртіпке сай желтоқсанның 24-інен қаңтардың 6-сына дейін аймақаралық қатынасқа тыйым салынады. Тұрғындардың үйден тек жұмысқа немесе аса қажет жағдайда ғана шығуына рұқсат. Мейрамхана мен дәмханалар жабылып, тек сауда орталықтары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді. Айта кетейік, Апеннин түбегінде вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионға таяды.

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте: "Елде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Мереке күндері вирусты жұқтыру күрт өсуі мүмкін. Сондықтан шектеу шараларын қатаңдатамыз деп шештік", - деді.

Қазір оқып жатыр

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды