Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалатынын айтты.

Алматы, NEGE. Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылардың сәл жолы болмады: 30 желтоқсанда жұмыс істеуге тура келеді.

Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады