Жаңа жедел жәрдем көліктері сыйға тартылды
Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа автокөлікпен толықты, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
Алматы, NEGE. Жамбылдық дәрігерлер мен пациенттер үшін мұндай маңызды тартуды Kaspi.kz компаниясы жасады.
Сыйға берілген көліктер – отандық өндіріс.
Оларды «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарын ескере отырып, Chevrolet Damas моделі негізінде әзірлеген.
Көліктер облыс орталығы мен аудандардағы жедел медициналық жәрдем станцияларына таратылады.