Жаңа Зеландияда жер сілкінісі болды

Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Дерек бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.