Жаңа Зеландияда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары алынды

Бұл туралы ел премьер-министрі Джасинда Ардерн мәлімдеді. Айтуынша, соңғы екі аптада мемлекет аумағында бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Алматы, NEGE. Сондықтан 9 маусымнан бастап жергілікті жұрт көшеде маскасыз емін-еркін жүре алады. Қоғамдық орындарда топ болып жиналуына да рұқсат. Алайда шетелден келетіндер үшін шектеу шаралары күшін жоймайды. Яғни Жаңа Зеландияға келген әрбір азамат міндетті түрде тестілеуден өтіп, екі апталық карантинге жатуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?