Жаңа Зеландия Украина азаматтарының виза алуына жеңілдік жасайды

Жаңа Зеландия билігі елде тұратын украиналықтардың жақын туыстарына 2 жылдық виза беруге дайын.

Алматы, NEGE. Бұл бағдарлама Украинадан уақытша кетуге ниет білдірген 4 мың адамға арналған. Олар жеңілдетілген тәртіппен виза алады. Оқуын оқып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Алайда бұл азаматтарды тасымалдау, жүріп тұру және медициналық қызмет көрсетуге қатысты шығынды Жаңа Зеландияда тұратын туыстары көтереді. Жапония билігі де елге келген украиналық босқындарға бір жылдық виза береді. Сөйтіп, қарулы қақтығыстан қашқан азаматтар жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Қазір мұнда Украинадан барған 29 азаматқа босқын мәртебесі берілген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр