Жаңа Зеландия: Шетелден келгендердің бәрі карантинге жатады

Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің барлығын 2 апта мерзімге оқшаулау міндеттелді

Алматы, NEGE. Іс-шара коронавирустың таралу қаупінің күшеюіне байланысты енгізілді. Тәртіп 16 күннен кейін қайта қаралуы мүмкін.

"Біз қазір дерттің кеңінен таралуын болдырмау үшін қатаң іс-шараларды қолға алуымыз керек. Бұл арқылы індеттің әлемге жайылуын тоқтатпасақ та, елге енуін шектей аламыз. Барлық азаматтан шетелге сапар шекпеуін сұраймыз", - деді Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн.

Айта кетейік, Жаңа Зеландияда коронавирус 8 адамнан анықталған.