Жаңа заңға қарсы наразылық акциялары басталды

Францияда тағы толқулар басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Халық наразылығына полицияға қатысты жаңа заңның енгізілуі себеп. Соған сай тәртіп сақшыларының әрекетін әшкерелейтін бейнежазбаны түсіріп, таратуға тыйым салынған. Ал белсенділер мұндай бейнежазба полицейлердің шектен тыс озбырлығын дәлелдейтін жалғыз амал екенін айтады. Акцияға қатысқан журналистер мен адам құқығын қорғаушылар «наразылықты наурыз айына дейін жалғасытырамыз» деп бекініп отыр.

Бірнеше сағаттан кейін бейбіт шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары Республика алаңындағы адамдарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Тіпті бір полицей ереуілшіні ұрып-соқты. Қақтығысқа қатысқан 26 адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр