Жаңа вирус Таяу Шығысқа жетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні қытай вирусына шалдыққан алғашқы науқасты тіркегенін мәлімдеді. Бұл туралы АР агенттігі хабарлады.

Алматы,NEGE.  Құзырлы орган өкілі індет ошағы болып саналатын ухань қаласынан келген науқастың отбасын емдеп жатқанын жеткізді. БАӘ-нің WAM мемлекеттік ақпарат агенттігі әзірге бұл отбасының қайда тұратыны және қайда емделіп жатқаны жайлы ақпарат жоқтығын хабарлайды. Ресми билік өкілдері нақты қанша адамның ауру жұқтырғаны туралы да тіс жармай отыр, тек олардың бәрі Ухань қаласынан келгендер екенін ғана айтқан.

Кей дерек көздері ауру жұқтырғандар БАӘ-нің Emirates және Etihad Airways секілді халықаралық әуе компанияларының қызметкерлері болуы мүмкін деген жорамал жасауда.

 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»