27 августа 2022 г. 17:41

Жаңа оқу жылында мектептің оқу бағдарламаларына бірқатар өзгеріс енгізілді

Фото:

Талдаулар мен сараптамалардың нәтижелері бойынша 1-сынып оқушысына бірден үш тілді үйрену қиын екені анықталды. Бала алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлауынша, ведомство мемлекеттік тілде білім алатын 1-сыныптарға тек қазақ тілін, орыс тілінде білім алатын 1-сыныптарға мемлекеттік тіл мен орыс тілін ғана оқыту туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде 2-сыныптан бастап орыс тілін оқыту басталады. Ал ағылшын тілі барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқытылады.

«Сондай-ақ балаларды ерте кәсіби бағдарлау мақсатында 1-сыныпқа «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері «Көркем еңбек» пәнінің орнына жүргізілетін болады.
1-4 сынып оқушыларына мектептерде шахмат ойнын үйрету ұсынысы жасалды. «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік курсы бойынша оқыту жалғасатын болады. Бұл пән биыл 5-11 сыныптар үшін міндетті курс болып табылады. Курста «Адалдық және этика», «Экологиялық мәдениет», «Азаматтық», «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» модульдері қамтылған», -  деді Каринова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

Тегтер: