Жаңа облыстарды құруға қанша қаражат жұмсалады?

Қазіргі таңда жаңа облыстарды ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Бұған дейін жаңа облыстарды құруға қажет қаражаттың есептеліп жатқаны айтылған болатын. Қаражаттың есебі мәлім болды ма? Жаңа облыстарды құруға шамамен қанша қаражат жұмсалады?

Алматы, NEGE. Nege.kz порталының сауалдарына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді.

«Мен бұл сұраққа бұған дейін де жауап бердім. Ол жағы әлі белгісіз. Аталған жұмыс қазір комиссия шеңберінде талқыланып жатыр. Сол себепті біз  бюджеттік өтінімдерді, сұраныстарды күтіп отырмыз. Жұмыстар әлі жүргізілуде», - деді Әлібек Қуантыров.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»