18 марта 2022 г. 13:28

Жаңа облыстар қашан құрылады?

Фото:

Еліміздің Әділет министрі Қанат Мусин үкімет отырысында Қазақстанда жаңа облыстар қашан құрылатынын айтты.

Алматы, NEGE. Қанат Мусиннің хабарлауынша, Абай, Ұлытау облыстарын құру, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу, облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарларын азайтуға байланысты президент жарлығы мен үкімет қаулысын қабылдау жоспарланып отыр.

"Осы блок бойынша президент жарлықтары мен үкімет қаулыларының жобасын 2022 жылдың маусым айында әзірленеді деп күтіледі. Әділет министрлгі заң жобаларын дайындауға қатысты тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Мусин.

Тегтер: