Жаңа министрдің Шәріпбаевқа қандай қатысы бар?

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ақорданың ресми сайты бүгін Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығын жариялады. Онда былай делінген: «Брекешев Серікқали Аманғалиұлы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын».

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, С.Брекешев 2015 жылдан бері «ҚазТрансГаз» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарып келген. Өткен жылы вице-министр болып тағайындалды. «ҚазТрансГазды» 2014 жылдан бері Қайрат Шәріпбаев басқарады. Ал Шәріпбаевтың кім екенін көпшілік жақсы білсе керек.

Қ.Шәріпбаев Президенттің қабылдауында. Фото: akorda.kz

Қ.Шәріпбаев кеше ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болған. Бұл тағайындауды осымен байланыстыратындар бар.   

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті