Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында карантин жеңілдейді

ҚР Бас санитар дәрігерлі Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», - деп жазылған жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, орталық мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға мынадай міндеттер жүктелген:

1) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау үшін «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайту;

2) ұлттық құрама, клуб командаларына адам санын 30-дан асырмай, термометрияны қолдана отырып, спорттық базада өмір сүру режимі арқылы жаттығуларға рұқсат беру;

3) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, басқа да қоғамдық орындарға санитария және дезинфекция өңдеуін жүргізу;

4) ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісі бойынша уақыты мен санын шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

5) кеңестер мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беру;

6) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру;

7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттама ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;

8) әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз ету.

«Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі», - деліген құжатта.

Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0.00-де күшіне енеді. Оның мәтінін мына жерден көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды