Жаңа қаулы: Автовокзалдар мен автостанциялар жұмысы тоқтатылады

Шымкент қаласында жаңа қаулы шықты.

 Шымкент, NEGE. Шымкент аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу іс-шараларын күшейту және карантин режимін ұзарту туралы қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Түлебаевтың жаңа Қаулысы жарияланды.

Жаңа Қаулығы сәйкес: Адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын («ауыз ашар», еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа); 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін; Банкет залдары мен мектеп асханаларының жұмысына тыйым салынсын; Саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін; Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын; Жаңа Қаулыда жоғарыда аталған шектеу шаралары 2021 жылдың 20 сәуірінен, яғни бүгіннен бастап күшіне енсін делінген.