Жаңа елшілер тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында тағайындаулар жасады.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.
- Тақырыпқа орай: Түркиядағы елші НЕГЕ қызметінен кетті?
Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов те Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.