Жаңа автобустар берілді

Жуырда Алматы көшелеріне жаңа автобустар шыға бастайды. «Алматыэлектротранс» ЖШС-ның қоғамдық көлік базасы жаңа «Zhongtong» автобустарымен толықты.

Алматы, NEGE. Көпшіліктің сұранысы бойынша №120 жане 120 А бағытындағы қоғамдық көліктер 100 пайыз жаңарды. Жоспарланған 30 автобус жақында қала көшелеріне шығып, тағы алты қоғамдық көлік резервті толықтырып тұратын болады», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен орналасқан, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға жайлы оңтайландырылған.

Бұл автобустар сұйытылған табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционермен және видеобақылаумен жабдықталған. Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» жүйесі орнатылғанан кейін автобустар жаппай пайдалануға берілмек.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды