Жаңа жыл қарсаңында төтенше жағдай орын алды

2024 жылдың соңғы сәттерінде Қостанай облысының Қарасу ауданында ТЖМ қызметкерлері жүргізушіні құтқарды. 

112 kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмай қалды. 1995 жылы туған жүргізуші 112 нөмірі арқылы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жоғары өтімді техникамен жедел түрде оқиға орнына жетіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ дауылды ескертулерге мән беріп, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті