Жаңа ЖЭО салуға зейнетақы қорының қаражаты жұмсала ма?

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Үкімет.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.

«Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», — деді бірінші вице-премьер.

Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», — деп түйіндеді Роман Скляр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қандай жобаларда қаржы пирамидасының белгілері бар?

Астанада балақша құрылысы негізсіз созбалаңға салынған

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады