Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады

Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

ЖИ

Алматы, NEGE. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде – тікелей мектептерде тапсыруға болады.

Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр