Жан Кособуцкий ереже бұзғаны үшін жекпе-жектен шеттетілді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагбаға (18-1, 14 КО) қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында жарыстан шеттетілді, деп хабарлады Stan.kz.

 Алматы, NEGE. Бокс кеші АҚШ-тың Талса қаласында өтті. Қазақстандық төртінші раундта қарсыласының белінен төмен 3 рет ұрып, дисквалификация алды.

Кособуцкий үшін бұл АҚШ-тағы бірінші жекпе-жек болды, бұған дейін ол негізінен Еуропада  өнер көрсетті. Осылайша қазақстандық боксшы АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.