Жәмила Бақбергенова олимпиадалық салмаққа ауыспақ

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова елге оралды.

 
Алматы, NEGE. Жанкүйерлер әлемдік сынның жүлдегерін құрметпен күтіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
 

Жәмила 72 келі салмақта белдесіп, күміс медаль иегері атанған болатын.

«Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рахмет! Әлем чемпионаты мен үшін күміспен аяқталды. Әрине, алтын алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны күміс екен.

Жапондық Масако Фуруитимен осымен төртінші рет кездесіп, үшеуінде ұтылдым. Оны Иван Ярыгин турнирінде бір рет жеңген екенмін. Ендігі мақсат - олимпиадалық салмаққа ауысу. Содан соң Азия ойындары мен өзге де ірі жарыстарға дайындаламыз», - деді Жәмила.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты