Жәмилә Бақбергенова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Күрестен қазақстандық қыздар құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова Түркияда өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Алматы, NEGE. Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлде тақты. Финалда ол неміс Анна Шеллді (8:2) жеңді. Жартылай финалда Бақбергенова Ресей чемпионы (2021) Ксения Бураковадан басым түсті.

Тағы бір қазақстандық Гүлмарал Еркебаева 76 келіге дейінгі салмақта америкалық Виктория Фрэнсисті жеңіп, қола жүлдені иеленді.