Жәмилә Бақбергенова UWW әлемдік рейтингінде үздік үштікке енді

Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартып, төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар.

Ал, рейтингтің көшін жапондық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел аяқтайды.

Айта кетсек, жақында өткен әлем чемпионатында Бақбергенова финалға шығып, жоғарыда аталған Исииге есе жіберген еді.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?