Жәмила Бақбергенова Тиранадағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі Жәмила Бақбергенованың Албания астанасы Тирана қаласындағы бозкілемде 3 белдесу өткізгенін хабарлады. 

olympic.kz

Алматы, NEGE. Тиранада (Албания) өтіп жатқан күрес түрлерінен ІІ әлемдік рейтингтік турнирде әйелдер күресінен 72 келі салмақта ел намысын қорғаған Жәмила Бақбергенова Қазақстан қоржынына алтын медаль сыйлады. 

Отандасымыз алдымен тәжірибелі украиналық Алла Белинсканы 3:1 есебімен жеңсе, екінші белдесуде америкалық Александра Жунис Глаудеден жеңілді. Шешуші белдесуде Аргентина балуаны Линда Мачукадан айласын асырды.

Сондай-ақ, 76 келіде күрескен тағы бір танымал қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова қола медаль олжалады. Эльмира алғашқы айналымда ресейлік Валерия Трифонованы қапы қалдырса (8:0), ширек финалда румыниялық Александра Анжелді айқын басымдықпен жеңді (12:1). Жартылай финалда америкалық Димон Гуйлфордқа есе жіберді. Ал қола медаль үшін белдесуде қытай қызы Иангланы тушемен жеңіп турнирдің қола жүлдегері атанды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?