Жәмилә Бақбергенова мансабында үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әйелдер командасының атынан белдесетін қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова ААлбанияда өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 72 келіде Бақбергенова жапондық Ами Исиимен белдесті. Айта кету керек, Жапония балуаны бірнеше күн бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алған болатын.

Жекпе-жекте біздің балуанның қарсыласы басым түсіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бақбергенова мансабында үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Сонымен бірге оның қоржынында әлем біріншілігінің «қоласы» да бар.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған