Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде өз салмағында көш басындағы орнын сақтап қалды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, қазақстандық балуан Жәмиля Бақбергенова 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді. Осылайша, 51 000 ұпаймен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысындағы орнын сақтап қалды.

Екінші орынға 45 000 ұпаймен жапониялық Ами Иши орналасқан. Үшінші орынға Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт жайғасқан, оның қоржынында 34 700 ұпай бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр