Жәмилә Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы атанды

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Біздің команданың көшбасшысы ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.

Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.

Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан.

Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.

Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.

Былтыр Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлдеге қол жеткізген. Медаль алғандар: Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?