Жамбылдықтар зардап шеккендерге көмек қолын созды

Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. 3 мамыр күні азық-түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері көрші облысқа аттанды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық-түлік өнімдері жиналды. Оның ішінде 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон және өсімдік майы, 1 тонна қарақұмық бар. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған отандастарымызға арналған гуманитарлық көмекке 10 мыңға жуық тауарлар, атап айтсақ аяқ-киім, футболкалар, жейделер, шалбарлар, балалар киімдері, төсек-орын жабдықтары және басқа да заттар жиналды», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?