Жамбылдағы сарбаз өлімі: рота командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Бас әскери прокуратура Гвардейск гарнизонындағы сарбаз өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

pixabay.сom

Астана, NEGE. Бұл іс бойынша әскери бөлімнің рота командирі айыпталуда. Командирдің өз қызметіне салғырт қарауы сарбаз Е.Рүстемұлының қаза болуы себептерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

«Тергеуде лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бас әскери прокуратура сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын, тергеу барысы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Еске салсақ, мерзімді әскери қызметші 27 қаңтарда қаруды ұстау кезінде алған жарақат салдарынан қаза болды.

Қазір оқып жатыр

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева