Жамбылда заңсыз аң аулаған ауыл әкімі ұсталды

Жамбыл облысына қарасты Талас ауданындағы Бөлтірік шешен ауылы маңында заңсыз аңшылық құрған әкім ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Заңсыз аңшылыққа шыққан екі адамды «Сапсан» жедел жасағының қызметкерлері ұстады. Олар күдікті көлікті байқап дереу ізге түскен. Браконьерлер қашуға әрекеттеніп, атып алған төрт қырғауылды қалың шеңгелдің арасына жасырып үлгерген. Тінту кезінде 12-ші калибрлі 2 мылтық және 13 дана оқ тәркіленді. Ұсталғандардың бірі Кеңес ауылдық округінің әкімі екенін мойындады. Мемлекеттік қызметкерге айыппұл салынды. Ал қызметінде қандай шара қолданатыны белгісіз.

– Қырғауылдың жүретін жері. Сол жерге аңшылыққа барған. Заңсыз аңшылық жасаған. Ешқандай жолдамалық құжаттары жоқ. Бөлтірік ауылының әкімі. 1990 жылғы азамат. Сол өз кінәсін мойындап хаттамаға қол қойды. Әкімшілік айыппұл салынады. Хаттама толтырылды. Қаулы шығарылды. Енді төлейді, - дейді мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің басшысы Кенжебек Абай.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады