Жамбылда коронавирус жұқтырған үш адам Қырғызстаннан келген
Жамбылда коронавирус жұқтырған үш адам Қырғызстаннан келген, деп хабарлады аталған облыстың денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Марат Жұманқұлов.
Алматы. NEGE. «Індет жұқтырған тағы да екі адам анықталды. Олардың бір-бірімен байланысы болмаған. Олар Қырғыз Республикасынан келген», - деді Жұманқұлов брифингте.
«Біріншісі – Қордай ауданының 1974 жылғы тумасы. Қырғыз-қазақ шекарасынан өткен кезде карантинге жатқызылды. Тексеру барысында оң диагноз қойылды. Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрі анықталып, карантинге жатқызылды. Үшінші адам да Қордай ауданының тұрғыны», – деді облыстың бас дәрігері.