Жамбылда ер адам фельдшерге оқ атты

Жамбыл облысында ер адам Байзақ ауданының жедел жәрдем фельдшеріне оқ атты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 25 жастағы Салих Теміралы мен 24 жастағы Дәулет Марат дені сау адамға дефибриллятор қолдануға бола ма деген тақырыпта дауласып қалған. Жауап таба алмаған олар кеңес сұрап, жедел жәрдем фельдшері Жасұлан Бостанұлына жүгінген.

Медициналық қызметкер мұндай әрекет қауіпті екенін және адам өліміне әкелуі мүмкін екенін түсіндірген. Алайда Марат оған сенбей, тәжірибе жасап көруді ұсынған. Сөз таласы жанжалға ұласып, сол кезде Марат травматикалық қарудан Бостанұлына оқ атып, кеудесінен жаралаған.

Жарақат алған фельдшер аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді