14 февраля 2020 г. 10:24
«Жамбыл Жабаев – ұлы дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті
Анкарада жазушы Мырзатай Жолдасбековтің түрік тілінде жарық көрген «Жамбыл Жабаев
– ұлы дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті.
Салтанатты шараға түркиялық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Туындыны Анкараның Кечиөрен муниципалитеті басып шығарған. Қазақстан елшілігі мен Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрді. Шығарманы Түрік радио-теледидар мекемесінің тілшісі, қазақ әдебиеттанушысы, 100-ден астам еңбекті тәржімалаған, тілмаш Уфук Тузман түрік тіліне аударған. «Жамбыл Жабаев – ұлы дала ақыны» кітабында кеңес кезеңіндегі ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулардың сирек кездесетін еңбектері қаламға алынған. Сонымен қатар әрбір тақырып тарихи суреттерімен бейнеленген.