1 сентября 2023 г. 14:20
Жамбыл облысының полицейлері ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады
Жамбыл облысының полицейлері ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен, Жамбыл ауданының прокуратурасымен және ҚР ҰҚК “Бүркіт” АББ, ҚР ҰҰ 5513 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ҚМ-нің “БПЛА” пилотсыз ұшатын аппараттарын пайдалана отырып, “Қарасора – 2023″ жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысындағы жедел ақпараттарды іске асыру кезінде Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының 39 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізді.
Аумақты және қосалқы шаруашылық құрылыстарын тексеру барысында каннабис өсімдіктері табылып, тәркіленді. Күдікті осындай 1396 бұта егіп, өсірген.