Жамбыл облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкрекбаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Алматы, NEGE. Ол «BAZIS CONSTRUCTION» - «INFR» ЖШС бөлімшесінің басшысы Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған.

Айта кетейік, К.Көкрекбаев бұған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін де атқарған еді.