Жамбыл облысында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы тірідей өртеніп кетті (видео)

Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған. Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Алматы, NEGE. Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктері соқтығысты.

Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған. Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесіне сай істің мән-жайы жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды