Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

Жамбыл облысында 'Жас маман' жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады», - делінген хабарламада.

ҚМА департаментінде нақталағандай, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.