Жамбыл облысында зардап шеккен ауылдар қашан қалпына келеді?

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына іссапармен келді.

Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Алдымен Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстармен танысты. Одан кейін вице-премьер, бірқатар әлеуметтік және медициналық нысанды аралап көрді. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов алдымен Байзақ ауданындағы жарылыстан бүлінген үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Онда бүлінген ауылдарды қалпына келтіру үшін 185 адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылған. Қазірдің өзінде 62 жекеменшік ғимараттың құрылысы толық аяқталды. Ал Жібек жолы ауылында 150 балаға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды.

Талғат Мамаев, облыс әкімінің орынбасары:

– Осы ауылда 19 үй бар, оның барлығы жүз пайыз зардап шеккен. Бүгінгі күнге 35 үйдің барлығының жұмысын бастадық. Жоспар бойынша 10 қарашада бітеді. Аз зақымданған 71 үй және 3 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 2 мектеп, біреуі қаттырақ. Оның бәрі жөнделіп жатыр. Әлеуметтік нысандардың бәрін жөндедік, енді бір мектеп, ауқымды бүлінді. Ол жаңа құрылысты талап етеді, - деді. 

Ералы Тоғжанов Байзақтан кейін Тараз қаласындағы бірқатар өндірістік нысанды аралады. Оның ішінде фармацевтикалық және медициналық өнімдер шығаратын ірі кешендерде болды. Мұнда күніне 60 мың медициналық маска, жылына 15 млн медициналық өнім шығарылады. Сондай-ақ жылына коронавирусқа қарсы 15 млн дана экспресс-тест өндіреді. Вице-премьер өнім сапасы мен бәсекелестік ортаға қабілеттілігін назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ ана мен бала денсаулығына жауапты орталықтардың жұмысын жүйелеуді, қызмет сапасын көтеруді тапсырды. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады