Жамбыл облысында таңқурай өсіреміз деген алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған

ҚМА Жамбыл облысы Департаменті Шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Астана, NEGE. Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Аталған азаматтар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған. Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Қазақстанда медианалық жалақы 340 мың теңге болды

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады