29 июля 2022 г. 10:07
Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды
Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу.
Алматы, NEGE. - 27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды, - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ведомствода нақтылағандай, өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу.
Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды.