Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады. «Оған ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды», -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр