Жамбыл облысында оқ жарақатынан қайтыс болған шенеуніктің денесі табылды

Жамбыл облысының Қаратау қаласындағы көшелердің бірінен денесінде оқ жарақаты бар ер адамның денесі табылды.

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының ПД хабарлауынша, 2 қыркүйек күні Талас аудандық ІІБ кезекші бөліміне белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Марқұм өз атына тіркелген аңшы қаруымен өзін-өзі атқаны анықталды. Қолданылған шаралар аясында марқұмның жеке басы анықталды, ер адамның туыстары оны таныды. Қайтыс болған азамат осы елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі мен істің барлық мән-жайын білу үшін тергеу органдары "Өзін өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады" ,- деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін істің басқа мәліметтері жария етілмеді.