Жамбыл облысында мектеп оқушыларының арасында облыстық турнир өтті
Жеткіншектерді салауатты өмір салтына үйретіп, спортпен шұғылдануды күн сайынғы әдетке айналдыру аса маңызды. Өйткені спорт - денсаулық кепілі. Ұлт болашағы сол дені сау ұрпақтың қолында.
Жамбыл облысы, NEGE. 2022 жылдың 8-9 қыркүйек аралығында Тараз қаласы №51 орта мектебінің базасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл» толуына және «Балалар жылына» орай мектеп оқушылары арасында спорттық бағдарлау спорт түрінен облыстық турнирі өтті. Аталмыш турнирді Жамбыл обысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» ұйымдастырды.
Іс шараға Тараз қаласының №23 орта мектебі , №40 мектеп-гимназиясы, №7 гимназия және Жамбыл ауданы Еңбек орта мектебінің командалары қатысқан.
Командалардың барынша дайындалып келгені бірден көрінеді. Қатысушылардың барлығы спорттық жарыстарда үздік ойын үлгісін көрсетті.Үздіктен де үздік шыққан командалар жүлделі орындарға ие болды.
Нәтижесінде, жалпы командалық есепте I орынды - № 40 мектеп-гимназиясы жеңіп алса, II орынды – №7 гимназия иеленді, ал III орынды №23 орта мектебі мен Еңбек орта мектебі қанжығалады.
Жеңімпаз командаларды алда үлкен жарыс күтіп тұр. Олар Щучинск қаласында өтетін Республикалық кезеңде Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.