Жамбыл облысында қызметкерлерін құтқарып қалған басшы шындықты айтты
Жамбыл облысында жарылыс кезінде өрт сөндіру қызметкерлерін құтқарып, өзі де ауруханаға түскен қарауыл басшысы Мұхамеджанов Асыл Жомартұлы оқиғаның қалай болғанын айтты.
Алматы, NEGE. Байзақ ауданы сегізінші өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Жомартұлының айтуынша, ол оқиға орнында жарылыс болатынын білмеген. Есімі белгісіз әскери басшы оған жарылыс қаупі жоқ екенін ескерткен.
“Бізге қоймада өрт болып жатыр деген хабар келді. Өртті сөндіруге жіберді. Біз келгенде ақырындап оқ ұша бастады. Мен бірден барлау жасадым. Міндетіміз солай. Әскерлерде басқарып жүген бір кісіден сұрағанымызда ол кісі жарылыс болмайды деді. Өзі артқа шегінді. Мен оған сеніп қалдым. Алданып қалдық. Су құйсақ та еш нәтиже болмады. Ол жердегі өртті сөндіру мүмкін екенін біле тұра бізді жібермеу керек еді. Жарылыс болмайды екен деп ойладық. О жерге біздің мекеме басшысы да келді. Сол кезде жарылыс болды”, – деді Асыл Жомартұлы.
Ол жарылыс туралы екі қайтара сұрағанын, алайда қауіп жоқ деген соң алаңсыз өртті сөндіруге кіріскендерін айтты.